$ 494.87  520.65  4.91

Дұға қылыңыздар: Менингитпен ауырған баланың анасы басынан өткен оқиғаны айтып берді

Фируза Исманова есімді әйелдің үш жасар баласы менингоккок инфекциясын жұқтырған. Олардың басынан өткен оқиғасы жайлы Tengrinews.kz порталына баланың анасы айтып берді. 

Кішкентай Абдульазиз Рустамовтың 15 мамырда бірінші рет менингокок симптомдары байқала бастады. Дене қызуы көтеріліп, құса бастаған. Алайда дәрігерлер де, мұғалімдер де баланың ішек инфекциясы деген диагноз қойған. 

«15 мамырда ол балабақшаға барған. Сағат 16:30-да тәрбиеші баланың анасына қоңырау шалып, үш жасар Абдульазиз түсте ұйықтағаннан кейін, төсегінен тұрмағанын айтқан. Мен жұмыстан сұранып кеттім. Ол өздігінен жүре алмады, әлсіз болды. Үйге көтеріп алып келдім», - дейді Фируза Исманова. 

Үйде баланың жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 40,5 градусқа көтерілген. Шақыртылған жедел жәрдем мамандары ішек инфекцисы болуы мүмкіндігін айтып, балаға сұйық заттар беруге кеңес берген. Әйел адам аурханаға жатудан бас тартқан. Келесі күні баланың арқасында, қолында және шынтағында бөртпе пайда болған. 

«Кенет оның түсі фиолетовый болып өзгерді. Мен бәлкім бұл көгерген болуы мүмкін деп ойладым», - дейді Фируза. 

Екінші рет шақыртылған жедел жәрдем дәрігерлері баланы дереу ауруханаға алып кеткен. 

«Оның жағдайы ауыр болды, ол бізді көре алмай жатты. Көзінің қарашығы жарыққа әсер ете бастады. Мен де шок алдым. Ауруханаға барар жолда бізге оның менингит болуы мүмкін екені айтылды. Оны бірден жансақтау бөліміне алып кетті. Жағдайы тым ауыр еді. Мен қатты қорықтым. Жансақтау бөлімінің дәрігерлері барынша сабырға шақырды, алайда бірінші күні үміт те болмаған еді, айтқаны «Сыйыныңыздар!» болды, - деп есіне түсірді әйел адам.

Абдульазиз жансақтау бөлімінде бес күн болған. Үшінші күннен бастап оның жағдайы дұрысталып қалды. Оның қайта қалпына келуі қиын болды. Қазіргі уақытта денсаулығы дұрысталып келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары