Шығыс Қазақстан Қүршім ауданының әкімшілік орталығында өз үйінен аудан әкімі Алтай Сейітовтың мәйіті табылды, деп хабарлады жергілікті атқаршу билік бөліміндегі дереккөзге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Расымен, бүгін әкімнің мәйітін оның (Қүршім ауылындағы – ҚазТАГ) үйінен таптық, қазір полиция өлімге не себеп болғанын анықтауда, бірақ бұл өз-өзіне қол жұмсайтын адам емес», — деп хабарлады сейсенбі күні әңгімелесуші.
«Алтай Сейітовте қиындықтар болған еді, Семейде («Семей инжиниринг» АҚ – ҚазТАГ) қорғаныс кәсіпорнының жетекшісі болған оның ұлының ұсталғаны бәріне аян, полиция осы оқиға әкімге өмірден кетуге себеп болды дегенді жоққа шығармайды», — деп атап көрсетті дереккөз.
Аудан тұрғынының айтуынша, кеше ауданда жергілікті мәслихат сессиясы мен аудандық әкімдік отырысы өткен. Осы ретте, әңгімелесуші атап өткендей, А.Сейітов депутаттар көтерген проблемаларды талқылауға белсенді қатысып, өзіне жұмыс жазбасын жүргізіп отырған.
63 жасар А.Сейітов 2007 жылдан бері аудан әкімі болып жұмыс атқарып келген.