$ 448.89  477.93  4.76

Алдағы күндері аптап ыстық болады

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық сақталады, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Атап айтқанда, 14-18 шілдеде күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43°C күтіледі.

14-20 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде +40, +43°C болады. 

Сондай-ақ 14-17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46°C ыстық күтіледі. Ал 18-20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы +40 - +43°C дейін көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары