08.06.2018, 10:51

Танымал экстрасенс Назарбаевтан кейін кім президент болатынын айтты

Танымал экстрасенс, "Битва экстрасенсов" жобасының жеңімпазы Камрян Самедов Қазақстанды Назарбаевтан соң кім басқаратынына болжам жасады деп хабарлайды "Talk Like" бағдарламасы.

Камрян Самедов Қазақстанның болашақтағы жағдайына да болжам жасады.

"Алдағы уақытта Қазақстанға ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ. Алдағы уақытта ішкі туризм дамиды. 2050 жылдары шетелдіктер Қазақстанға келіп демалады", – деді.

"Мен осы сұрақты қоятыныңызды келетін кезде сезген едім. Біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мәңгі елбасы ретінде халық есінде қалады. Себебі, қиын жағдайдан Қазақстанды алып шыққан еді.

Елбасыдан кейін президент болмайды. Олар тек басқарушы болуы мүмкін. Алдымен әйел кісі уақытша келеді. Артынша сайлау болып, билікке ер адам келеді. Бұл менің жеке пікірім", – деді Самедов.

Дереккөз: NUR.KZ