Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық сақталады, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
Атап айтқанда, 14-18 шілдеде күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43°C күтіледі.
14-20 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде +40, +43°C болады.
Сондай-ақ 14-17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46°C ыстық күтіледі. Ал 18-20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы +40 - +43°C дейін көтеріледі.