$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда темекіден шыққан өрттен екі адам қаза тапты

Қарағанды облысындағы бес қабатты үйден шыққан өртті өшіру барысында өрт сөндірушілер екі адамның денесін тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қаза тапқан ер адам 1961 жылғы болса, әйел кісі 1962 жылғы екен.

"Ксомонавтов көшесіндегі көпқабатты үйден шыққан өрт үлкен аумақты қамтымаған. Өрт сөндірушілер келемін дегенше тұрғындар үйге кіріп, өртті сөндіріп үлгерген. Екі адамның денесі сол өрт орын алған бөлмеден табылған", - деп хабарлайды Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр. Алдын-ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына себепші болған сөндірілмей қалған темекі қалдығы болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары