09.06.2018, 08:47

Қостанайда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жұмбақ жағдайда қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында әскери борышын өтеп жүрген 21 жастағы Валирий есімді сарбаз жұмбақ жағдайда қайтыс болды деп жазады Костанайские новости.

Қостанайдағы 10810 әсери бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүргеніне 1 айдан асқан сарбаз ұйықтап жатып оянбай қойған. Марқұмның ата-анасы ұлдарының өлімі туралы хабарды 8 маусым күні алыпты.

Сарбазға дәрігерлер кардиалгиялық синдром диагнозын қойған. Соған қарамастан Валерий әскери борышын өтеуге кеткен. Себебі, комиссия оны әскерге жарамды деп таныған.

Қазақстан қорғаныс министрлігі сарбаздың өлімін растап, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатқанын хабарлады.

Қорғаныс министрлігі басшылығы мен ҚР Қарулы күштерінің жеке құрамы сарбаздың қазасына байланысты отбасы мен туыстарына көңіл айтады.