Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы ақша айырбастау пункінің алдында 52 жастағы ер адамның өлі денесі табылды деп жазады Уральская неделя.
«Алмаз» ақша айырбастау пункінің алдында 1966 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның денесінде бірнеше пышақ жарақаты бар», – дейді БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазір ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.