$ 494.87  520.65  4.91

Атырау тұрғыны жалдамалы пәтер иесін сүлгімен қылқындырып өлтірді

Сот әйел адамды өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғынын екі айға қамауға алды деп жазады Sputniknews.kz.

Тергеу бойынша, тұрғынның пәтер ақысын төлеуге ақшасы болмаған, деп хабарлайды Атырау облыстық соты баспасөз қызметі.

Ол пәтер иесінің талабына сәйкес төлқұжатын немесе бағалы затын кепіл ретінде тастап кетуден бас тартыпты. Әңгіменің арты жанжалға ұласып, күдікті әйел адамды ұрып, сүлгімен қылқындырған. Салдарынан пәтер иесі оқиға орнында жан тапсырды. Тергеу ісі әлі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары