Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы әуесқой бағбан Отанбек Мұсабаев жемістің жаңа түрін ойлап тапты.
Негізгі мамандығы құрылысшы ол: «Бұл – 20 жыл бойы талаптанған еңбегімнің нәтижесі», - дейді. Расында үнемі ізденіс үстінде жүретін Отанбектің бұл тірлігіне күдікпен қарап күлгендер енді еріксіз оның ерлігін мойындап отыр. Тәжірибе жабайы алма ағашына сыналып, басқа ағаштардың бұталарын енгізуден басталған. Әрине сәтсіздіктер көп болды, алайда күтіп баптау мен ерінбей еңбек ету түбінде нәтиже берді дейді бағбан. Және бұл жаңа алма ағашында символикалық мән жатыр екен. Шығысқазақстандық бағбан алманың жаңа сұрпына "Астана" деген атау беріпті.