Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында облыстық маслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Пердебекұлы Мелдехановтың басшылығымен департаменттің жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына департамент бастығының орынбасары, Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Н.Дербисов, кадр жұмыстары бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Бейсембаев және қалалық, аудандық ТЖ басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары қатысты. Бұл іс-шара «ОҚО ТЖД жанындағы Қоғамдық кеңестің ережесіне» сәйкес өткізілді.
«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ө.Мелдеханов қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» негізгі бағыттарын таныстырып, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында партия тарапынан қабылданған шараларды жеткізді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып белгіленген.
Кадр жұмыстары бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Бейсембаев департаментте және оның құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы баяндады. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін біз әрбір қызметкермен жеке жұмыс атқарамыз, себебі әрқайсысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысы керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс, тек қана бірлеспі атқарған жұмыс жоғары көрсеткіштерді көрсетеді»,- деді Аманбек Алтынбекұлы.
Қалалық, аудандық бөлімшелерінің бастықтары өз сөздерінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін тек қана мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен төмендету мүмкін еместігін, бұл тұрғыда әрбір қызметкердің нақты позициясы керектігін атап өтті.
Отырыстың жұмысын қорыта келе, Қоғамдық кеңестің төрағасы Ө.Мелдеханов департаментте қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол, өзінің көп жылдық бақылауы бойынша, департамент қызметкерлерінің намысты, адам өмірін құтқаруда өз ісіне адалдығын атап өтті. «Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық фактілеріне қарсы тұру керек», - деді Кеңес жұмысын қорытындылаған Өмірзақ Пердебекұлы.