$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-ның екі тұрғыны полицейлерді ұрып, погондарын жұлып алған

ОҚО Ордабасы аудандық сотында полиция қызметкерлерін ұрып, погондарын жыртқан жергілікті екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралуда деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 10 ақпан күні болған. Тәртіп сақшылары жедел профилактикалық шара жүргізу барысында дәмхананың алдында тұрған Өзбекстан Республикасының азаматтарынан құжаттарын көрсетуді талап еткен. Алайда, олардың құжаттары жоқ болып шығады. Сол кезде кафеден шыққан екі жігіт бір полицейді ұра жөнелген. Оларды ажыратпақ болған екіншісіне де бас салып, оны да тепкінің астына алыпты. Бұзақылар қасақана полицейлердің погондарын жұлып тастаған. Осы сәтті пайдаланған өзбекстандық азаматтар болса қашып кетті.

Ал, полиция қызметкерлерін ұрған екі азамат қамауға алынды. Оларға қатысты «билік өкілін қорлау» және «билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Күдіктінің туғандары екі полиция қызметкерінің үстінен «билігін немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды» деп, ОҚО ІІД ӨҚБ-на шағым түсірген. Алайда, арызда полиция қызметкерлеріне қатысты көрсетілген жайттар өз дәлелін таппады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары