$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да 6 жасар балаға арыққа тұншығып қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасар бала алқап суаратын арыққа батып кетті. Қайғылы жағдай Сарыағаш ауданының Көгерту ауылында болған деп жазады Қазақпарат.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай 10 маусым күні тіркелген.

«10 маусымда сағат 16:45-те Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Көгерту ауылындағы үйдің жанынан өтетін суармалы арыққа 2012 жылы туған бала батып кетті. Ол туыстарының қарауынсыз қалып, абайсызда арыққа құлап кеткен. Сол күні сағат 17-00-те жеткіншектің өлі денесін туыстары судан тауып, шығарып алған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, өңірде балалардың суға кетуі жиілеп барады. Жыл басынан бері өңірде 22 адам судан ажал құшса, өкінішке орай оның 19-ы жас бала. Ал, өткен аптада Сырдария өзеніне 5 жасар бүлдіршін мен мен әкесі суға кеткен болатын. Баланың өлі денесін туыстары тапқанымен, 37 жастағы әкесінің денесін іздестіру жалғасуда. Құтқарушылардың 4 күн бойы жүргізіп жатқан іздеу шаралары нәтиже бермеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары