$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайластықтың алдын алу мақсатында мамандар әскери қызметкерлермен кездесті

 Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаментінің консультант-мамандары Шымкент қаласындағы №6506 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынды әскери бөлім командирінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Жүнісов жүргізіп отырды.

– Бүгінгі басқосудың басты мақсаты– сыбайластықтың алдын алу, жемқорлықтың жолын кесу. Біз барлық мекемелерде осындай оқыту семинарлары мен құқықтық сабақтарын өткізудеміз. Айта кетейік, жыл басынан бері әскерилер арасында сыбайластыққа қатысты ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеген.  Бұл Қарулы Күштеріміздің антына адалдығының белгісі деп білеміз. Жасыратыны жоқ, біреулер қалтаның қамын ойлап сыбайластыққа жол берсе, кейбіреулер заңды білмегендіктен шалыс басып жатады. Сондықтан әр азамат өзінің құқын біліп жүргені абзал, -дейді департамент қызметкері Б.Қаратаев.

Мұнан кейін сөз алған консультант-маман А.Колосков сыбайлас жемқорлықтың орын алу себептерін мысалға келтіре отырып, нақты деректерді айтып берді. Сондай-ақ  қаржыға қатысты қандай да бір келеңсіздікке тап болғанда 1494 сенім телефонынга хабарласу керектігін ескертті.

 Әскери бөлімнің келісім-шарт қызметкерлері сыбайластыққа қатысты түрлі сұрақтар қойып, оның алдын алу жөніндегі өз оларын ортаға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары