$ 498.34  519.72  4.85

Кентауда «Сыбайлас жемқорлыққа – 0-теңге» акциясы өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауа­зымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Кейіннен Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды.

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл  жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

Бағдарламалық құжаттың 13-қадамында «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге жаңа заңнамалар әзірлей отырып,    Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнай бөлім құру» туралы айтылған.

Осыған орай Кентау қаласында Елбасының 100-нақты қадам бағдарламасы аясында қала жастары мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет департаменті мамандарымен бірге  тұрғындарға «Сыбайлас жемқорлыққа - 0-теңге» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үгіт парақшаларын таратты.

Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары