Қазақстан Республикасы Президентінің 24.12.2014 жылғы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясына сәйкес, алға қойылған мақсаттарға жету және бұл орайда аудан прокуратурасымен заң бұзушылықтарды жою бағытында жұмыстар атқарылуда.
Мысалы, Төлеби аудандық прокуратурасы Е.Әлмұхамедовтың жол көлік оқиғасы бойынша жинақталған іс құжаттарын зерделу нәтижесінде Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторымен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені анықталған. 15.10.2014 жылы Төлеби АІІБ-на Төлеби аудандық ауруханасынан Е.Әлмұхамедов жол көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаты бойынша ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түседі. Осыған орай Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы Б.Арымбаев оқиға орнына шығып, анықтау барысында жол көлік оқиғасы Төлеби ауданы, Майбұлақ елді мекенінің жолында болғанын, алайда оқиға орнынан жол көлік оқиғасына қатысты тұлғалардың кетіп қалғанын анықтаған.
Осы оқиға бойынша Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 469 бабымен әкімшілік хаттама толтырумен шектелген және Төлеби аудандық ауруханасында жол көлік оқиғасын жасаған тұлғалардың бір бөлмеде емделіп жатқандығына қарамастан, олардан толық түсінік алып, автокөліктерді анықтап, кінәліні жауапқа тартуға бағытталған шараларды қабылдамаған.
Сондай-ақ, Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы Б.Арымбаев оқиға орнында көліктердің сынықтарына сараптама тағайындау, уәкілетті органдарға автокөліктерді анықтауға бағытталған сұраулар жолдау жөнінде жұмыстар жүргізбей, аталған оқиға бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған.
ҚР ӘҚБтК-нің 69-бабы 1-бөлігінде, адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
Яғни, Төлеби АІІБ ЖПТ қызметкерлері осы жол көлік оқиғасы бойынша құқық бұзушыны негізсіз әкімшілік жазаға тартудан босатып, құқық бұзушыны анықтауға толық мүмкіндік болса да, құқық бұзушыға заңда көзделмеген артықшылық көрсетіп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін белгіленген 2 ай мерзімді өткізіп жіберген.
Көрсетілгендердің негізінде, Төлеби аудан прокуратурасының тәртіптік өндірісінің қаралу нәтижесі бойынша ОҚО ІІД-нің бұйрығы негізінде Төлеби АІІБ-нің жол полиция тобының инспекторы Б.Арымбаев Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес қызметінен босатылған.