$ 448.15  483.46  4.86

Пара алған әкімге сот үкім шығарды

Жемқорлыққа қарсы күрес – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі.  Ұлт Жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту  көрініс тапқан.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық) Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына қол қойылған. Осынау заң қабылданғаннан беріде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді. Солардың бірі - Ордабасы аудандық сотының үкімімен  Шұбарсу ауылының әкімі. Жуырда аталмыш заңның  366-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін  Ордабасы аудандық соты  ауыл әкіміне қатысты үкім шығарды.

Сот ауыл әкімін қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы баппен оған жеке мүлкі тәркілене отырып,  өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырды. 9 000 000 (тоғыз миллион) теңге айыппұл жазасын тағайындады.

Шұбарсу ауылдық округінің әкімі жеке меншікке жер телімін беру үшін 150 000 теңге алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары