Қостанай облысындағы Денисовка ауылында ішімдікке сылқия тойып алған ер адам суға батып кетті деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.
40 жастағы ер адам мас күйінде болған. Ол Тобыл өзенінде жүзіп, біраз салқындап алуды ойласа керек. Алайда, жүзуге рұқсат етілмеген аймаққа қарай өтіп кеткен.
Ер азаматтың өлі денесін құтқарушылар көп ұзамай өзен астынан алып шықты. ТЖД мамандары тұрғындардан ішімдік ішіп, суға түспеуін ескертеді.
Дереккөз: kstnews.kz