Жаңалықтар 13.06.2018 сағат 03:39  409

Қарағандыда қоқыс таситын көлікті ұрлап кетті

Қарағандыда белгісіз біреулер ірі габаритті қоқыстарды шығаруға арналған жүк көлігін ұрлап кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«2014 жылы шығарылған мемлекеттік номері - 591 АО/09, «КамАЗ» көлігі ұрланды. Оған 2015 жылы шығарылған мемлекеттік номері 17СКА/09, «НефАЗ» тіркемесі жалғанған. Машиналар «Қарағанды Қалалық коммуналдық көліктер» ЖШС-ға тиесілі», - деді кәсіпорыннан. 

Көлікті Бұқар жырау ауданында Үштөбе ауылы мен Құрылыс кентінің арасындағы далалы аймақта айдап кеткен. Компания өкілдері қоқыс таситын машинаның кімге керек болғанын түсінбей дал. Бұл ретте, оны басқа мақсаттарда оңай қолдануға болатынын атап өтуде.

«Бұл көлікті тұрғындардың лақтырған ескі техникаларын - тоңазытқыштарды, жиһазды, өзге үй техникаларын шығаруға қолданатынбыз. Заң бойынша мұны жасауға міндетті емеспіз. Адамдар көлікті өздері жалдап, оларды полигонға жеткізуі керек. Бірақ тұрғындар бұл ережені бұзып келеді», - деп атап өтті кәсіпорыннан.

Компания басшылығы ұрланған көлік туралы қандай да мәліметке ие азаматтарды полицияға хабарласуды сұрайды. Ақпарат үшін сыйақы тағайындалды.   

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар