Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхаметов депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтады, – деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхаметовтің орнынан түсуге өтініш беруіне байланысты депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды.
Темірхан Досмұхаметов Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы, ҚР Спорт және туризм министрі секілді көптеген лауазымды қызметтерді атқарған.
2012 жылғы қаңтарда «Нұр-Отан» партиясының атынан сайланған. Парламентте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, Ресей Федерациясының халықтар достығы орденімен марапатталған.