«Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында компаниядан кеткендігі туралы мәлімдеді.
«2015 жылдың 9 шілдесінен қоғамдық жұмыстарға ауыстым. ЭКСПО-2017 Ұлттық жобасына пайдам осылай көбірек тиетінін түсіндім», — деп жазды Рахымбекова.
Рахымбекова аталмыш қызметке 2014 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.