$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 21 жастағы жігітті үйінің алдында пышақтап өлтіріп кетті

Оралда №21 мектеп жанында 21 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті деп жазады Uralskweek.kz.

Туыстары марқұмды 14 маусым күні жер қойнына тапсырды. Айтуларынша пышақ жігіттің тура жүрегіне кірген.

«1997 жылғы жігіттің денесі таңғы сағат 5 шамасында Еуразия даңғылынан табылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Күдікті ретінде 18 жастағы бала тұтқындалды. ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары