$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайда өз әпкесін бауыздап тастаған «қасапшыға» қатысты сот үкімі шықты

14 маусымда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туысын айуандықпен өлтірген 30 жастағы Құсбек Әлмағамбетовке қатысты үкім шығарды деп жазады «Наша Газета».

Оқиға 2017 жылдың 24 желтоқсанында Қарабалық ауданындағы Славенка ауылында болған. 45 жастағы Күлмар Бекбосынова күйеуімен ажырасқаннан кейін туыс інісі Құсбектің отбасымен уақытша тұрып жатқан. 

Әлмағамбетов өз ауылында қасапшы болған. Сол күні әйел адам Құсбекпен және оның әкесімен бірнеше шөлмек арақ ішкен.  Шамамен сағат 22:00-де туыстар сөзге келіп қалады – олар бұзауды немесе тауықты сою керек деген мәселеде таласып қалады. Ары қарайғы оқиға адам айтқысыз. Іс материалы бойынша, Құсбек әпкесінің арқасынан алты рет пышақ ұрады. Оның басын кесіп жатқанда әйел адам әлі тірі болған. 

Сотталған ер адам үйленген және төрт баласы бар. Оқиға болған сәтте олар да үйде болған. Мас күйеуіннен тығылған әйелі полиция шақырған. Адвокаттың сөзінше, ер адам басында кінәсін мойындағанымен, кейін айтқанын толық өзгерткен. 

Сот Әлмағамбетовті кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді және оған маскүнемдіктен күшпен емдеу тағайындалды. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары