$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда әйел жүргізуші жедел жәрдемнің алдына тұрып алып, өткізбей қойған (ВИДЕО)

Алматыда жедел жәрдемнің жолына тұрып алған Honda көлігінің иесіне айыппұл салынды деп мәлімдейді қалалық ІІД-дің баспасөз қызметі.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі пабликтерде жарияланды. Видеоны Алматының жергілікті полиция қызметі сараптаған. Видеода Honda көілігінің иесі авариялық белгінің қосып, жедел жәрдемді өткізбей тұрғанын көруге болады. 

"Видеоматериал қаралды. Honda тізгініндегі әйел адам тар жолда жедел көлікке, яғни жедел жәрдемге басымдық бермеген. Оның ойынша, керісінше болу керек болған екен. 30 жастағы әйелге қатысты Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 598-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен бірге, жол ережесін бұзған жүргізушімен түсіндіру жұмысы жүргізілді", - дейді Алматы ІІД ЖПҚ басшысы Ерік Насырбеков. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары