Ақтауда жол жиегінде электр желісі бағанасы көлік үстіне құлап, жүргізушісі ауруханадан бір-ақ шықты деп жазады Lada.kz.
«Жүргізуші ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйек-ми және кеуде жарақатын алған. Қазір медикаментозды ұйқыда», – дейді жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Ғалым Жұмағалиев.
Ақтау электр желілері басқармасы бағананың құлағаны туралы ақпаратты полицейлерден естіген. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.