16.06.2018, 08:26

Ақтауда бағана көлік үстіне құлап, жүргізуші жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Ақтауда жол жиегінде электр желісі бағанасы көлік үстіне құлап, жүргізушісі ауруханадан бір-ақ шықты деп жазады Lada.kz.

«Жүргізуші ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйек-ми және кеуде жарақатын алған. Қазір медикаментозды ұйқыда», – дейді жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Ғалым Жұмағалиев.

Ақтау электр желілері басқармасы бағананың құлағаны туралы ақпаратты полицейлерден естіген. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.