$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы аударылып қалды

Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

«Қолда бар ақпараттарға сәйкес, жолаушы пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер бар ма, жоқ па - толық ақпарат бере алмаймын. Әкімдіктің жұмыс тобы оқиға орнына аттанды», - деді Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың басшысы, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслам Иманқұловтың айтуынша, құтқарушылар оқыс оқиға болған жерге бара жатыр. ҚТЖ бұл апат туралы әзірге пікір білдірген жоқ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары