Жаңалықтар 18.06.2018 сағат 08:41

Таразда 6 жасар бүлдіршінді өзге балалар өртеп жіберген

Таразда 6 жасар бүлдіршінді өзге балалар өртеп жіберген. Бұл туралы ТЖД тәулік сайынғы ақпаратында жарияланды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

17 маусымда сағат 18:00-де Тараз қаласындағы  Менделеев көшесі, № 35 үйдің ауласында  балалар ойнап жүріп,  2012 жылы туылған  бүлдіршіннің үстіне белгісіз жағдайда тез жанатын сұйықтық шашылып кетіп, денесінің 18 пайызын күйік шалған.

ІІ және ІІІ дәрежелі күйік алған бала қазіргі уақытта № 2 қалалық аурухананың «Күйік» бөлімінің жансақтау бөлімінде ем алуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы қалыпты деп отыр.

ТЖД бөлімшелері –24 рет жедел шығып, оның ішінде өрт –1, жану оқиғасы – 19, авариялық-құтқару жұмысына – 4, әр-түрлі сипаттағы – 1 рет жедел шыққан. Құтқарылған және басқа орынға көшірілгендер болмаған.

Дереккөз: Zhambylnews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар