$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті

Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті. Науқастың бірі колледж студенті деп жазады ҚазАқпарат.

«Екі адам кеше ауруханаға түсті. Науқастарға клиникалық тұрғыда қойылған диагноз - менингококк инфекциясы.  Лабораториялық  анализдері тексеріліп жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. 21 жастағы науқас инфекциялық ауруханада, 19  жастағы жігіт облыстық ауруханада жатыр», - деп  мәлім етті Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.

Дәрігердің мәліметінше, екі науқастың бір-біріне қатысы болмаған. Қазір 19 және 21 жастағы жігіттер жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары