$ 498.34  519.72  4.85

Кеуде тұсына пышақ сұғылған 44 жастағы ер адам ауруханаға өзі келген

Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының 44 жастағы тұрғыны кеуде тұсынан алған ауыр жарақатпен түнгі уақытта ауруханаға өз аяғымен келген деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, сол түні ер адам 34 жастағы танысымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Мас болып қалған олар сөзге келіп ерегісіп қалады. Артынша танысы оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған.

Қансыраған жәбірленуші ауруханаға өзі келіпті. Дәрігерлердің жедел көмек көрсетуінің арқасында ер адам аман қалған. Қазіргі кезде ол ем алуда.

Ал күдікті ұсталып, тергеу изоляторында отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Кstnews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары