$ 494.87  520.65  4.91

Жүк көлігі соғылды: Жолсерік Шудағы пойыз апатының себебін айтты (ВИДЕО)

Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы пойыз 17 маусым күні сағат түскі 2-де аударылған болатын. Кейін бұл жағдайға қатысты шетелден мамандар тартылып, тергеудің 1 айға созылатыны хабарланды. Сондай-ақ машинистің де қамауға алынғаны жайлы да ақпарат тарады. Десе де, мына бір видеоны куәгерлер түсіріп, апаттың неден болғанын нақты көрсетеді.

Жолаушылардың бірі машинист пен жолсеріктен вогондардың релстен қалай шығып кеткенін сұрайды. Олар дәл апат басталған вогонның терезесінің астындағы сырттан тиген жырықты көрсетеді.

"Шу жақтан жүк пойызы өтті. Астанадан біз келе жаттық. 11 вогонның есігіне соғылды", - дейді сол 11 вогонның жолсерігі.
Айта кетейік, апат салдарынан 1 жасөсіпірім қайтыс болды. 13 адам зардап шекті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары