$ 447.4  477.55  4.76

Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек

Фильм жобасы Астанада 1-7 шілдеде өтетін «Еуразия» кинофестивалі асында талқыланады

Қытай кинокомпаниясы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы шығармашылық және ғылыми интеллигенция форумының кулуарында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсахожаева айтты. 

«Биыл «Еуразия» кинофестиваліне келетін BJ Brothers компаниясымен ынтымақтастық орнатамыз. Компания біздің белгілі орындаушымыз Димаш Құдайберген туралы фильм түсіргісі келеді. Димаш туралы фильм жасау бойынша ұсыныс көп, біз оны Канн фестивалінде фестиваль директорымен талқылаған болатынбыз», –  деді Мұсахожаева.

Болашақ фильмнің тұжырымдамасы, сюжеті мен жанры қандай болатыны әзірге белгісіз. Таяу күндері жоба егжей-тегжейлі талқыланады, деп толықтырды Мұсахожаева.  

Ректор биыл Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінен диплом алып, елордаға салтанатты бітіру кешіне келетінін айта кетті. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары