$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да жоғалған ветеринарлардың бірінің денесі өзеннен табылды

Марқұмның денесі оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау-Күршім ауылының маңынан табылды.

Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданының Үшбұлақ ауылына вакцинация жасауға бара жатқан Маралды ауылдық округінің ветеринарлары жексенбі күні жоғалып кетті деп жазады Алтайньюс.

Жеңіл көлікпен жолға шыққан мал дәрігерлері діттеген жерге жете алмаған. Куәгерлердің айтуынша, Маралды ауылынан 5 шақырым жерде, Күршім өзенінің жағасындағы жардың маңында автокөліктің ізі табылған. Осыған сәйкес қазір  өзен бойындағы жардың жиегінен жылдамдықты тежеу кезінде көліктің жарға ауып кету мүмкіндігі қаралып отыр.

«Қазір өзен тасып жатыр, ағыс өте қатты, ештеңе көрінбейді. ШҚО, ТЖД мамандары бар күшін салып жатыр. Құтқарушыларға 35 адамнан тұратын еріктілер тобы келіп қосылды, олар – жергілікті тұрғындар. Іздеу жұмыстары өзен және жағалау бойының барлығында жүргізіліп жатыр», – дейді Күршім аудандық ТЖБ басшысы Азамат Абдурахманов.

Кешке таман құтқарушылар ветеринарлық пункт қызметкерлерінің бірінің денесін судан алып шықты. Марқұмның денесі оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау-Күршім ауылының маңынан табылды. Жоғалған ветеринарларды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары