20.06.2018, 06:48

Павлодарда көлік аударылып қалды

Павлодар қаласында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды деп жазады pavlodarnews.kz.

Жол көлік оқиғасының куәгерлері суреттерді Instagram желісіндегі @tipavlo  парақшасына жүктеген. 

Жол апаты  Қамзин-Радищев көшелерінің қиылысында болған. 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген  ВАЗ 21 99 көлігі Honda Civic-пен соқтығысты. Нәтижесінде шетелдік автокөлік аударылып қалды. Көлік жүргізушісі аман. 

"Жол көлік оқиғасы түнгі сағат 3:10-да орын алған", - деді ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Радищев  көшесімен келе жатқан ВАЗ 21 99 көлігі басқа көлікпен соқтығысқан. Абырой болғанда, екі көлікке де жолаушылар отырмаған. Жүргізушілер зардап шеккен жоқ. Фариза Қазыбекқызы