Алматыдағы Сайран көлінен 29 жастағы ер азаматтың өлі денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты куәгерлер әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Құтқарушылар бүгін түс ауа көлден 29 жастағы Нұрлан Тұрлықожаның денесін шығарды. Марқұм осыдан 2 күн бұрын суға ағып кеткен еді. Дәл қазір сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.