20.06.2018, 10:55

"Тоқал болмасам өлемін": 28 жастағы бойжеткен өзін алатын депутатқа іздеу салды (ВИДЕО)

Бұған дейін танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаевқа "Маған әкім тауып бер. Тоқал болғым келеді" деп сұхбат берген 28 жастағы бойжеткен әлі күнге арманы орындалмағанын айтты. 

Бұл жолы ол қалталы азаматты іздеп "Ойбай Life" бағдарламасына келді. Айтуынша, оның тоқал болуына қайтыс боп кеткен анасы да қарсы болмапты. "Әкемнен ерте айрылдым. Анам 17 жасымда қайтыс болды. Ол кісі көзі тірісінде менің әкімге тигенімді қалайтын. Бұрын әкімге тигім келетін. Қазір ол ойымнан айнып қалдым. Депутатқа шыққым келеді. Жасы 50-60-та болса да болады. Өзім де қартайып бара жатырмын. Лондон, Парижде демалып жүрсем деймін. Күнде макияж жасап, телеарналарда сұхбат берсем деп армандаймын. Сол үшін қалталы ағалар, маған хабарласыңыздаршы. Мен тоқал болмасам өлемін", - деп жанайқайын жеткізді бойжеткен. Еске сала кетейік, Салтанаттың бұған дейін ішімдікке тойып алып: "Мұхит Сапарбаев деген журналист қайда? Маған ақшасы көп әкім тауып беремін, модель қыламын сені деген" деп полиция бөлімшесін басына көтеріп жылаған видеосы тарап кеткен болатын.