$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ хандығы» фильмінің телеэкранға қашан шығатыны белгілі болды

«Елбасы бұл шешімі арқылы руxани бетбұрысқа пәрмен беріп отыр», – дейді «Қазақ хандығы» кинотуындысының екінші маусымын түсіріп жатқан киногерлер. Фильм түсіруші топ өкілдерінің айтуынша, түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын, өңделуден өткен туынды жыл аяғына дейін көрермендер назарына ұсынылмақ деп хабарлайды Хабар24.

Ғасырлар сырын бүккен тарихтың тәбәрігі саналатын Түркістан қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуы жолында орасан зор маңызға ие. Ел үшін еңіреген Есім, Абылай, Әбілқайыр хандардың сүйегі жатқан киелі топырақтан күллі қазақ таралғандай, нәр алғандай. Ұлт болып ұйысу жолындағы талай шайқас пен зобалаңдарға осы Түркістанның топырағы куә. Сондықтан «Қазақ хандығы» фильмінің 2-маусымында түсірілім тобы Түркістанға көп тұрақтады.

Руханият өкілдері Түркістанға лайықты мәртебесін беру шешімі Түркістанның өнер, мәдени саласына тың серпін әкелері сөзсіз екенін айтады.

"Халық үшін керемет дүние болды. Түркістан – қазақтың рухани астанасы. Рухани астанаға Президенттің өзі бірнеше рет келіп-кетіп жүрді. Рүстем Әбдірашев, режиссер: – Кеше Жәнібек сұлтанның қазақ ханы болып, ақ киізге көтерілген эпизоды түсірілді. Сол күні кешкісін теледидардан, газеттен, ғаламтордан естіп жатырмыз. Түркістан облысы болып аталатын болыпты. Ол да тарихтың заңды түрде оралғаны деп есептеймін. Заманның өзгергені – елдің елдікке, тарихқа деген бетбұрысының дұрысталғаны", - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы.

"Тарихи Түркістан үшін тарихи мүмкіндіктердің бастауы деп айтуға болады. Алға қарай дамыған 30 елдің қатарына қосылу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді енді Түркістан қаласы жаңа серпіліспен өзіндік үлесін қосуға кіріседі деп ойлаймын", - дейді өзбек этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Шамырза Мәдәлиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары