$ 498.34  519.72  4.85

Банкир Жомарт Ертаевтың әйелі тұтқындалды

Алматыдағы Медеу аудандық №2 соты банкир Жомарт Ертаевтың әйелі Нұргүл Ертаеваны тұтқындауға шешім шығарды. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр деп жазады Sputniknews.kz.

"Сот Нұргүл Ертаеваны 2 айға қамауға шешім шығарды. Ол RBK Bank АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде банктен 7 миллион АҚШ доллар ұрламақшы болған", - дейді судья Анина Байдәулетова.
Еске сала кетейік, 8 мамырда Мәскеу орталығындағы Москва-Сити бизнес-орталығының маңында арнайы жасақ сарбаздары қазақстандық банкир әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевты ұстады.

Оған «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген. Сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен» деген айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары