$ 498.34  519.72  4.85

Халық банк қазақ тілінің орнына қытайша қызмет көрсете бастады ма? (ВИДЕО)

Қайдан екені белгісіз, қазір қазақ қоғамында қытайға қатысты фобия қалыптасты. Мұны жуырда ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың өзі де айтқан болатын. Қоғам арасында түрлі алып-қашпа әңгімелер тарап жатқан тұста Facebook қолданушысы Нұрлан Сәдірбекұлы Халық банк банкоматтарының қазақ тілінің орнына қытайша қызмет көрсете бастағанын айтып дабыл қақты. Сөзіне дәлел ретінде ол өз парақшасына банкоматтағы операцияның видеосын жүктеген.

Кадрда ер адам банкоматқа карточкасын салып, қазақ тілін таңдайды. Алатын сомасын шығарғанға дейін қазақша "сөйлеген" банкомат мұнан кейін экранға қытайша жазулар шығарады. Ана тілінде қызмет ала алмаған жігіт қай пәрменін басарын білмей ашуланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары