22.06.2018, 09:45

Иранда қамауға алынған қазақ режиссері елге оралатын болды

Қазақстандық режиссер, әрі сценарист Қанат Бейсекеевтің Иранда не үшін ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Бейсекеев Иранға 4-5 күн бұрын ұшып келген. Алайда түсірілім тобы жергілікті билік органдарынан Горганға келу үшін рұқсат алмаған. «Жергілікті қазақтар да бұл туралы білмейді. Олардың қамауға алынуы туралы ресми ақпарат жоқ, бірақ олар ұсталды. Алдын-ала ақпарат бойынша оларды қонақүйде тұтқындаған», – деді сұхбаттасушы. Иран заңына сай, шет жақтан келген журналистер мен блогерлер бұл елден ақпарат жинау үшін алдын-ала рұқсат алуы керек. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин желідегі парақшасында режиссер Қанат Бейсекеевтің елге оралатынын жазды. «Қанат Бейсекеевте бәрі жақсы. Ол елге ұшып келе жатыр. Жұмысқа қатысты жағдай болды, бірақ мәселе өз шешімін тапты», – деді Қарин.