23.06.2018, 05:40

Ақтөбеде полицейді "ешкі" деген әйелдің басы бәлеге қалды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының 30 жастағы тұрғыны билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды. Ішімдікке сылқия тойып алған әйел полиция қызметкерін балағаттап, тіл тигізген деп жазады Kerek-info.kz.

Сот материалдарына сәйкес, 27 сәуірде Хромтау ауданының тұрғыны л. Петрунина ІІБ-не хабарласып, ер адамды пышақтап тастағанын айтады. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлардың алдынан үй иесінің қызы шығады. Ішімдік ішкен әйел полиция қызметкерлерін балағаттап, ар-намыстарына тиеді. Сотталушы оларды “ешкілер”деп тілдеп, үйлерінен қуады. Сотта әйел анасына қонаққа барып, кейін бірге ішімдік ішкенін айтты. Қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Белгілі болғандай, ол үйде ешқандай қылмыс жасалмаған болып шықты. Ішімдік ішкен әйелге жалған хабарлама жасағаны үшін айыппұл салынған. Ол тәртіп сақшыларына неліктен қоңырау шалғанын түсіндіріп бере алмады. Ал медициналық куәландыру қорытындысы полицейлерді тілдеген әйелдің “орта” дәрежеде мас күйінде болғандығын анықтады. Сот үкімімен сотталушы Светлана И. 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды