Шымкентте салынып жатқан мешіт өртенді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
«22 маусымда 23.10-да Нұрсәт шағын ауданында Астана даңғылының бойында жаңадан салынып жатқан мұнарада, мешіт аумағында 196 шаршы метрді құрайтын қалып жанып кеткен. Өрт 23.41-де ауыздықталып, 01.18-де сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнына ТЖД 38 қызметкері мен 8 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қайғылы жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін бұл ақпаратты ТЖК баспасөз қызметі растады.
Дереккөз: inform.kz