Батыс Қазақстан облысында алдағы үш күнде күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25, 26 және 27 маусым күндері өңірде күннің ыстығы 32-37, тіпті кей жерлерде 40 градусқа дейін жетеді. Орал қаласында да күндіз 33-35 градус ыстық болмақ.
БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.