$ 443.85  474.3  4.8

Ердоған Түркиядағы сайлау нәтижесі бойынша мәлімдеме жасады

Түркия әлемге демократия сабағын үйретті, деп мәлім етті Режеп Тайып Ердоған президент және парламент сайлауының нәтижесіне түсініктеме бере отырып.

Жоғарғы сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювен Режеп Тайып Ердоған президент сайлауында абсолютті көпшілік дауысын жинағанын жария етті. Ердоғанның айтуынша, сайлау күнгі қауіпсіздік пен еркіндіктің көрінісі - түрік демократиясы жетістігінің көрсеткіші. «Сайлауға келушілер саны 90 пайызға жетіп, әлемнің көптеген елдеріне үлгі көрсеттік. Ең бастысы Түркияның барлық жерінде сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанына көңіліміз толады», - деді түрік көшбасшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары