$ 449.58  486.94  4.86

Қапшағайда 21 жастағы қыз суға батып кетті

Қапшағайда суға батып, қайтыс болған 21 жастағы қыздың Есік қаласынан келгені белгілі болды. Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Суға кеткен 1997 жылғы бойжеткен Есік қаласынан достарымен бірге суға шомылуға келген. Олар суға түсіп жүргенде қатты жел тұрып, толқын көтерілген. Сол сәтте бойжеткен мен жанындағы екі жігіт өз күштерімен жағалауға жүзіп, жете алмаған. Оларға «Золотые пески» демалыс орнының құтқарушысы көмекке ұмтылған. Алайда 1988 және 1994 жылғы екі жігітті ғана құтқару мүмкін болды»,- деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға кеше сағат 15:50 де болды.  Құтқарушылар дауыл соққанда суға түсуге болмайтынын ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары