Астанадағы «Пригородный» тұрғын алқабында балалар суға кетті деп хабарлайды ҚР ТЖК ресми өкілі Р.Иманқұлов.
Артынша Нұра-Есіл су арнасында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар балалардың мәйітін таңғы 05:17-де тапқан.
Ақпаратқа сәйкес, 2007 жылғы екі бала, 2006 жылы туған бір бала және 2009 жылы туған бір бала – барлығы төрт бала суға кетіп, көз жұмған. Қазір оқиғаны полиция тергеп жатыр.
ҚР ТЖМ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды қауіптер туралы ескертуге шақырады.
Дереккөз: 24.kz