Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Бауман ауылында тұрғын үй түгелімен өртеніп кетті деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Сағат 04:30-да екі пәтерлі үйден шыққан өрт 06:15-те өшірілген.
"Өрт 70 шаршы метрді алған. Үй түгелімен жанып кетті. Өрт кезінде пәтердегі 2 газ балоны атылған", - деп хабарлайды ведомство.
Жалын өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болуы мүмкін деген болжам бар. Дереккөз: Alau.kz.