Синоптиктердің болжауынша, күн райы антициклонның әсерінен күрт құбылады деп хабарлайды 24.kz.
Солтүстіктің бірқатар аймағында да жауын-шашын болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал батыс аймақтарда күн ысиды. «Сынап бағанасы бұл өңірлерде күндіз 42 градусқа дейін көтеріледі», – дейді мамандар.
"Алдағы үш күнде Астана қаласында кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады және де күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы болады. Алматы қаласында 26 маусымда жаңбыр жауады, найзағай болады", - дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигіАйгүл Алданбергенова.