$ 498.34  519.72  4.85

Қытайлықпен "көңіл қосқан" қазақ қызы масқара шындықты айтты (ФОТО)

Бұған дейін Ұлжан деген қыздың Гохай атты қытай азаматына тұрмысқа шыққалы жатқан шақыртуы желіде таралып кеткен болатын. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Кейін "Ұлжан мен Гохайдың суреті" деген фото да таралып кетті. Алайда ол суреттің иесі өзінің Ұлжан емес екенін әрі жанындағы жігіттің жай ғана әріптесі екенін айтып берді деп жазады HOLA News.

"Суреттегі қыз мен. Өзім Қытайда оқыдым. Қытай тілін де жетік меңгергенмін. Қазір Астанада қытай фирмасында жұмыс жасап жатырмын. Жанымдағы жігіт те әріптесім. Осыдан 6 ай бұрын іссапарға бара жатқанда түскен суретіміз", - дейді өзін Бақытгүл деп таныстырған бойжеткен.

Бақытгүл бұл суретті әлеуметтік желіге жүктемеген. Себебі, онда салса, қазақ жігіттерінің өзін жерден алып, жерден салатынын жақсы біледі.

"Мен оны Wechat-қа ғана салдым. Онда тек телефон нөмірім кімде бар соларға ғана көрінемін. Ол жерде көбіне оралмандар отырады. Солар әдейі таратып жіберген", - деп ашуланды ол.

Бойжеткен осыған қатысты 23 маусым күні Ішкі істер департаментіне барып арыз жазған. Бірақ ондағылар өкінішішке орай, фотоның кім таратқанын таба алмайтындарын жеткізген.

Бақытгүл мүлде басқа қалада тұрып, осындай даулы проблемаға араласып кеткеніне қынжылады. Көпшілік өзінің бұған түк те қатысы жоқ екенін білсе дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары