$ 445.66  474.58  4.78

Араңдату ма? Қытай жігіті қазақ қызын құда түсіп әкетіп жатқан видеосы желіге тарап кетті

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақ қызының қытайлық жігітке тұрмысқа шыққалы жатқаны туралы ақпарат тарап, жұрт біраз дүрліккен болатын. Тіпті, тойдың шақырту билеті мен ғашықтардың суреттері де жарияланып кеткен. Ал, күні кеше осы Қытай азаматының қазақ дәстүрлеріне сай қалыңдығын алып кеткелі жатқан видеосы тағы да тарады.

Видеороликте қордынға түрлі сыйлықтар сап әкелген қытайлық пен оның аудармашысын және қазақ отбасын көруге болады. Күйеу бала дәстүрді онша білмейтінін, егер кем-кетігі болса алдын ала айтуын өтінеді. Қазақ әйелдері болса бәрі ойдағыда екенін айтып, шетелдікке алғысын білдіреді.

Дей тұра, әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі мұның жай ғана қойылым екенін, араңдатушылардың жасаған құйтырқы әрекеті екенін жазуда. Өйткені, қазақ қоғамында қазір қытайфобия (қытайлардан қорқу) қатты өршіп тұр дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары